Омикрон «Тойотаның» жұмысын тежеді

Омикрон әйгілі «Тойотаны» да қыспаққа алды. Корпорацияның Жапониядағы 11 зауыты көлік өндірісін уақытша тоқтатады.

Өйткені қызметкерлер арасында вирус жұқтырғандар көбейген. Осының салдарынан қаңтарда шығарылатын көлік саны 47 мыңға қысқармақ.

Қазір Жапонияны коронавирус жайлап тұр. Кеше 42 мыңнан аса адамның тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. Бұл елде бұрын-соңды болмаған көрсеткіш.

Жалпы «Тойота» былтыр бірнеше рет өндірісті уақытша тоқтатқан. Онда да пандемия себеп болған. Дәлірек айтқанда, карантиндік шектеулер салдарынан микрочиптер өндірісінде тапшылық туындаған.