424,84 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Өзбекстан Арал теңізінің табанына ағаш отырғызады

  • 421
  • UPD: 09:42, 22.01.2022

Арал теңізінің құрғаған табанына көшет егіледі. Өзбекстанның орман шаруашылығы комитеті Қарақалпақстан, Бұхара, Науаи және Хорезм әкімдіктерімен бірлесіп, жергілікті бюджет есебінен осы істі атқарады.

Елдің министрлер кабинеті Аралдың экологиялық мәселесін реттеуге арналған 2022-2026 жылдар жоспарын дайындады. Мұндай шаруа Қазақстан тарапынан да жасалып жатыр. Енді ауқымды міндетке өзбекстандық ғалымдар атсалысады. Олар қай жерге қандай өсімдік егу керектігін анықтайды. Әзірге теңіздің Өзбекстан жағында орман шаруашылығына қолайлы аумақтар белгіленбеген. Жоспар бойынша жыл сайын 10-шы желтоқсанда ғалымдар тиісті зерттеу нәтижесін ұсынып отырады.

Хабар 24 телеарнасы