Бразилияда карнавал сәуірге шегерілді

Жыл сайын Рио-де-Жанейрода өтетін дәстүрлі карнавал сәуірдің соңына қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған омикрон штамының таралуы түрткі болды. Елде вирус жұқтыру көрсеткіші артып барады. Күн сайын 120 мыңға дейін адамнан қауіпті инфекция анықталады. Сондықтан қазіргі жағдай көшеде шеру өткізу мүмкіндік бермейді дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, бастапқыда әлемге әйгілі карнавал ақпанда өтуі тиістін.