Жаңа Зеландияда омикронға байланысты қауіптің «қызыл деңгейі» жарияланды

Жаңа Зеландияда омикрон штамының таралуына байланысты қауіптің «қызыл деңгейі» жарияланды.

Енді елде шектеу шаралары күшейтіледі.

Шараларға сәйкес, тұрғындар маска тағуға міндеттеледі. Ғимаратқа кірер алдында азаматтар ковид-төлқұжат көрсетуі керек. Сонымен қатар сақтық мақсатында іс-шараларға 100 адамнан артық қатысуға тыйым салынады.

Джасинда Ардерн, Жаңа Зеландия премьер-министрі: 

- Мақсатымыз омикрон штамының таралуын барынша тежеу. Осыған байланысты елде ревакциналау ісі қолға алынып, бұқаралық іс-шаралар өткізуге шектеу енгізілді. Соның арқасында еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне түсіретін жүктемені азайтқымыз келеді.

Сондай-ақ...