Мұхитты қайықпен кесіп өтпек болған 75 жастағы адам қаза тапты

Мұхитты қайықпен кесіп өтпек болған 75 жастағы адам қаза тапты

75 жастағы француз саяхатшысы Жан-Жак Савен мұхиттағы екінші жеке саяхатында қайтыс болды - ол Атлант мұхитын ескекпен кесіп өтпек болды, деп хабарлайды BBC жаңалықтарына сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Савеннің аударылған қайығы саяхатшы сапарын бастаған Португалиядан бір жарым мың шақырымдай жерде Азор аралдарынан табылды.

Савен қазасының себептері мен жағдайлары әлі белгісіз.

«Өкінішке орай, бұл жолы мұхит біздің досымыздан күшті болды, ол теңізде саяхаттағанды сүйетін», - делінген Савеннің Facebook парақшасында.

Савен 1 қаңтарда Португалиядан Атлант мұхиты арқылы екінші саяхатына шықты. Біріншісін ол үш жыл бұрын үлкен, арнайы салынған бөшкеде жасаған. Бейсенбіге қараған түні Савен екі мәрте апат сигналын берген. Содан кейін онымен байланыс үзілген. Ол бұған дейін сәрсенбі күні Facebook-те қатты жел оның жолын 900 шақырымға ұзартқанын және оның күн панелін қолдану жағынан қиындық туындағанын жазған. Бірақ оқырмандарды алаңдайтын ештеңе жоқ және ол ақауларды тез арада түзететініне сендірді.

Бұрынғы десантшы, кейінірек жеке ұшқыш болған Савен өткен аптада 75 жасқа толған туған күнін қайығында шампан ішіп атап өтті. Ол өзінің сегіз метрлік қайығымен мұхитты шамамен үш айда кесіп өтуді жоспарлаған.