АҚШ Украинадан дипломаттарын шығаруға дайындалып жатыр

АҚШ Украина мен Ресей шекарасы маңындағы жағдайға байланысты Украинадан өз дипломаттарын алып кетпек, деп хабарлайды Хабар 24.

Мемлекеттік департаменттің мәлімдеуінше, шара шекарадағы ахуал күрт өзгерген жағдайда жүзеге асырылмақ. Жоспарға сай елшілік қызметкерлерінің отбасылары Украинадан міндетті түрде шығуы керек. Ал өкілдікте маңызды лауазымдарды иеленбейтін дипломаттар елде қалу-қалмау туралы шешімді өз еркіне қарай қабылдайды. Вашингтон Украинадан дипломаттарын алып кету туралы ресми шешімді көп өтпей жариялауы мүмкін. Жалпы Киевтегі АҚШ елшілігінде 180 америкалық дипломат пен 560 жергілікті азамат қызмет етеді.