Жаңа Зеландияда шектеу шаралары күшейтілді

Омикронның таралуына байланысты бұл елде қауіптің қызыл деңгейі жарияланды, деп хабарлайды Хабар 24.

Енді елде шектеу шаралары күшейтіледі. Тұрғындар бетперде киюі тиіс. Ғимарат ішіне кірерде ковид-төлқұжат көрсетуі керек. Сонымен қатар сақтық мақсатында іс-шараларға 100 адамнан артық қатысуға тыйым салынады.

Джасинда Ардерн, Жаңа Зеландия премьер-министрі:

– Мақсатымыз – омикрон штамының таралуын барынша тежеу. Осыған байланысты елде ревакциналау ісі қолға алынып, бұқаралық іс-шаралар өткізуге шектеу енгізілді. Соның арқасында еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне түсіретін жүктемені азайтқымыз келеді.