425,02 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Испанияда шаруалар үкіметтен көмек сұрап шеруге шықты

  • 93
  • UPD: 14:50, 24.01.2022
Испанияда шаруалар үкіметтен көмек сұрап шеруге шықты

Трактор, атарба мінген шаруалар Мадрид көшелерін кезіп жүр. Испандық фермерлер үкіметтен ауыл тұрғындарына қолдау көрсетуді сұрайды, деп хабарлайды Хабар 24.

Шерушілер үкіметтен фермерлерді арзан импорттық азық-түліктен қорғап, соңғы уақытта қабылдаған кей заңдарды алып тастауды талап етті. Олардың қатарында үй жануарларын сатуға тыйым салу мен қасқырларды қорғайтын заң бар. Шаруалардың айтуынша, Оңтүстік Африка, Мысыр және Мароккко сынды елдерден әкелінетін арзан тауарлар олардың бәсекелестігін төмендетіп, шығынға ұшыратып отыр. Ал ибериялық қасқырларды атпау туралы заң малға қауіп төндіреді дейді.

Гонсало Валладарес, фермер:

– Мал шаурушылығымен айналысатын көптеген ферма банкротқа ұшырап, жабылып жатыр. Оларға көмектесіп жатқан ешкім жоқ. Ал субсидия алып, шаруасын қамдамақ болғандар көпке ұзамай қарызға батады. Сондықтан билік ауыл шаруашылығындағы бизнеске жан-жақты қолдау көрсетуі керек. 

Хабар 24 телеарнасы