Пәкістанда бір күнде 7 600 адамға ковид диагнозы қойылды

23 науқас коронавирустың құрбаны болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұндай көрсеткіш пандемия басталғалы тіркелмеген дейді мамандар. Әсіресе Карачи қаласында жағдай қиын. Аурудың таралуын тоқтату үшін билік санитарлық шектеу шараларын қатаңдата бастады. Сонымен қатар 30-дан асқан тұрғындар ревакциналаудан өту керек деген шешім қабылданды. Ал 12 жастан асқан жасөспірімдер мектепте оқу үшін міндетті түрде егілуі тиіс.

Айта кетейік, Пәкістанда 70 млн адам вакцина салдырған. Бұл ел тұрғындарының 32 проценті ғана.

Фейсал Султан, премьер-министрдің көмекшісі:

– Коронавирустың бесінші толқыны күшіне мінді. Карачиде науқас саны 40 процентке артты. Лахор, Исламабад және басқа өңірлерде де жағдай қиын. Сондықтан вакциналау науқанына белсенді атсалысуға шақырамын.