Ресейде омикрон жұқтырғандар саны артып барады

Мұнда тіркелген науқастардың саны дәрігерлерді үшінші күн қатарынан шошытып тұр, деп хабарлайды Хабар 24.

Өйткені кеше бір күнде 63 205 адам вирус жұқтырған. Бұған аймақта омикрон штамының кең етек жаюы себеп. Науқастардың 17500-і Мәскеу қаласында анықталған. Жалпы аймақтағы эпидахуал  қаңтардың 10-ынан бастап ушыға бастады. Бұған қарамастан жергілікті билік қатаң шектеу шараларын енгізуге асықпайды. Жалпы статистика бойынша  Ресей тұрғындарының тек тең жартысы ғана коронаиврусқа қарсы екпе салдырған. Енді мамандар халықты ревакциналауға шақырып отыр.

Татьяна, науқас

– Мен вакцинаның тек бірінші дозасын ғана қабылдадым. Барлық туыстарым толық егілген. Мен үлгермей қалдым.