Француз модельері әрі фотограф Тьерри Мюглер 73 жасында өмірден озды.
«2022 жылдың 23 қаңтарында, жексенбі күні Манфред Тьерри Мюглер мырзаның бақилық болғанын қайғыра хабарлаймыз. Жаны жай тапсын деп тілейміз», – делінген Мюглердің Facebook-тегі парақшасында.
Мюглердің ресми өкілі Жан-Батист Ружоның France-Presse-ке берген мәліметінде кутюрье денсаулығы сыр беріп қайтыс болғаны айтылған.
1980-90 жылдары Мюглер киім дизайнері ретінде көпшілікті мойындатты. Бірақ соңғы жылдары ол суретке түсірумен және шоуға костюмдер дайындаумен айналысып жүрген.
