АҚШ-та мерекелік кештегі атыстан төрт адам көз жұмды

АҚШ-тың Инглвуд қаласындағы (Калифорния) жеке үйде болған мерекелік кеште атыс болды.

Салдарынан төрт адам көз жұмып, тағы біреуі жарақат алды, деп хабарлайды CBS.

Оқиға жексенбі күні болған. Жарақат алған адам ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдай ауыр.

Полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.