456,05 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бразилияда кей шектеулер қатаңдатылды

  • 131
  • UPD: 14:43, 24.01.2022
Бразилияда кей шектеулер қатаңдатылды

Бразилия коронавирустың омикрон түрінің таралуын тежеу үшін бірқатар шектеулер енгізді, деп хабарлайды Хабар 24.

Себебі елде соңғы күндері вирусты жұқтырғандар саны 200 мыңнан асқан. Әсіресе ірі қалаларда індет қайта өршіген. Ал жаңа тәртіпке сай ірі іс-шараларға вакцина салдырған азаматтар ғана кіргізіледі. Қоғамдық орындарда бетперде тағып жүру тәртібі наурыздың аяғына дейін созылды. Билік тұрғындарды вакцинаны белсенді түрде салғызуға шақырып жатыр.

Луис Антонио, тұрғын:

– Менің ойымша бұл кеселден тек вакцина қорғайды. Сондықтан адамдар екпе салдыру керек. Мен бәрін, соның ішінде балаларды да вакцина салдыруға шақырамын.

Хабар 24 телеарнасы