Брюссельдегі тәртіпсіздіктер кезінде үш полицей жарақат алды

Жексенбі күні Брюссельде басталған санитарлық шектеулерге қарсы бейбіт митинг полициямен қақтығысқа ұласты. Соның салдарынан бірнеше ғимарат қирады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, маршқа 100 мың адам қатысуы тиіс еді. Полиция акцияға 50 мың адам қатысқанын хабарлады. Сағат 14.00 шамасында ереуілшілер полициямен қақтығысқан. Құқық қорғаушылар көзді жасаурататын газ бен су шашатын құрылғыларды пайдаланды. Алайда ереуілшілер Бельгия астанасындағы еуропалық кварталда орналасқан жекелеген әкімшілік ғимараттар, қоғамдық тамақтану орындары мен метроның кіреберісін талқандап үлгерді. Сондай-ақ шерушілер еуропалық сыртқы әрекет қызметінің кеңсесіне шабуыл жасады. Брюссель полициясы тәртіпсіздікке қатысқан 70-ке жуық адамды ұстады. 15 адам, соның ішінде үш полицей ауруханаға түсті. «Біз халықтың пікіріне құлақ асуымыз керек. Бірақ демонстрацияны күшпен басып алып, оны өз мақсатына пайдаланбақшы болғандармен келіссөз жүргізбейміз», – деп атап өтті Бельгияның ішкі істер министрі Аннелис Верлинден.