Түнгі клубтағы өрт: 20-ға жуық адам көз жұмды

Камерун астанасында түнгі клубтағы көңіл көтеру соңы қайғылы оқиғамен аяқталды. Мұнда мекемеде өрт шығып, 17 адам көз жұмған. Тағы сегізі түрлі жарақат алды.

Алдын ала мәлімет бойынша, келушілер пиротехникалық заттар атқан. Соның салдарынан түнгі клубтың төбесі өртенген. Артынша от газ баллондары тұрған ас бөлмеге таралып, жарылыс болған. Бұл келушілер арасында дүрбелең тудырып, жұрт бірін-бірі таптаған.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.