Германия университеттерінің бірінде атыс болып, бір адам қаза тапты

Германияның Гейдельберг қаласындағы университетте белгісіз азамат айналасындағыларға оқ атқан. Салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Тағы бірнешеуі жарақат алған. Кейіннен шабуылдаушы өзін-өзі атып өлтірген.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол осы университеттің студенті болуы мүмкін.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.