Тонгада ауыз су және азық-түлік жетіспейді

Тонгада жанартау мен цунамиден халықтың 85 проценті зиян шекті. Аралда инфрақұрылым қатты зақымданған.

Ауыз су және азық-түлік жетіспейді. Телефон байланысы да, интернет те жоқ.

Жергілікті билік белгілі американдық кәсіпкер Илон Масктен көмек сұраған. Миллиардер интернет қосу жағынан жәрдемдесуге келісіп отыр.

Айта кеткен жөн, 10 шақты күн бұрын жанартаудың атқылауы салдарынан Тынық мұхитындағы Тонга Корольдігінде цунами пайда болған. Сол кезде 3 адам көз жұмды. Жарақат алғандар бар. НАСА ғалымдарының айтуынша, жанартаудың атқылауы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Хиросимаға тасталған атом бомбасының жарысылынан әлдеқайта күшті. Халықаралық қауымдастықтан жәрдем сұраған аралдағы мемлекетке қазір бірқатар ел гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр.