Индонезияда топтар қақтығысы кезінде 19 адам көз жұмды

Индонезияның Батыс Папуа провинциясында топтар арасында қақтығыс болып, салдарынан 19 адам көз жұмды.

Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасай отырып «Синьхуа» хабарлайды.

Агенттік мәліметінше, екі топтың қақтығысынан соң Соронг қаласындағы түнгі клубтардың бірі өртенген.

Өзге мәліметтер жарияланған жоқ.