Сирияда түрмені басып алған содырлармен шайқас жалғасып жатыр

Сирияның Хасака провинциясында түрмені басып алған "Ирак және Левант лаңкеcтік ұйымының" мүшелерімен қақтығыс жалғасуда.

Ақпаратқа сәйкес, содырлар абақтының бірнеше ғимаратынан күрд жасақтарына әлі қарсылық танытып жатыр. Бес күнге созылған қақтығыстан нақты қанша адамның қаза тапқаны белгісіз. Бұған дейін 200-дей лаңкес оққа ұшып, 300-ден астамы берілгені айтылған.

Еске сала кетейік, Хасака аймағындағы түрмедегі қақтығыс қаңтардың 20-сы күні басталған. Лаңкестер абақтыдағы серіктестерін босату үшін шабуыл жасап, артынан түрмені басып алады. Ақпаратқа қарағанда абақтыда 4 мыңға жуық содыр жазасын өтеп жатқан.