Колумбияда оқушылар мектепке оралды

Колумбияда оқушылардың, офлайн оқу форматы, қайта басталды. Осы аптада мектеп қабырғасына шамамен 10 млн жуық оқушы оралады.

Сабақ барысында барлық санитарлық талаптар сақталуы тиіс. Айта кетейік, қазір аймақта екпе егу науқаны да жедел-детіле бастады. Күні бүгінге дейін Колумбияда 3 пен 11 жас аралығындағы  балалардың 56 проценті, ал 12 мен 17 жастағы жасөспірімдердің 72 проценті, коронавирусқа қарсы екпе қабылдап үлгірген. 

Клаудия Лопес, Богота қ. мэрі:

- Бұл жай ғана дәстүрлі оқу форматына оралу емес. Бұл біз үшін үлкен тәжірибе болмақ. Коронавирус пандемиясы бізді сынап жатыр. Кей тұстарды өзгертуге тура келеді. Өзіміздің тыныс-тіршілігіміз де өзгереді. Бастысы, сақтық шаралардың барлығы жіті сақталуы керек.