Германияда коронавирус өршіп барады

Германияда коронаиврус індетін жұқтыру дерегі артып барады. Өткен аптада бір тәулікте тіркелген науқас саны 100 мыңнан асып кетті.

Індеттің өршуіне қарамастан жергілікті билік карантиндік шектеу шараларын енгізуге асығар емес. Таяуда канцлер Олаф Шольц пен федералды жерлердің басшылары өткізген конференцияда елдегі эпидахуал талқыланды. Талқылау нәтижесінде жаңа шектеу шаралары енгізілмейді және бұрынғылары өз күшінде қалады деген шешім қабылданды.

Айта кетейік, Берлинде екпені толық салдырғандар немесе ауырып жазылғандар тест тапсыруы керек. Содан кейін ғана мейрамхана, мұражай мен кинотеатрларға кіруге рұқсат. Ал бустерлік доза алғандар үшін анықтама қажет емес. Ал 10 адамнан артық жиналатын іс-шараларда вирусқа қарсы тест тапсыру міндетті.

Олаф Шольц, Германия канцлері:

- Омикрон әсерінен эпидахуалдың қаншалықты өзгеретінін әзірге білмейміз. Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Кез келген уақытта тиісті шаралар қабылданатын болады. Қазір халықты екпе егу науқанына белсене қатысуға шақырамыз.