Камерунда футбол матчы кезінде қаза тапқандар саны артты

Камерунда футбол матчы кезінде қаза тапқандар саны артты

Камерунда футболдан Африка кубогі ойыны кезінде көрермендер тапталып, 7 кісі опат болды. 40-тан аса адам жарақат алды.

Оқиға ел астанасы Яунде қаласындағы 60 мың адам сиятын стадионда орын алды. Билік алдыңғы матчтар кезінде ойындарды көруге келген жанкүйерлер аз барғандықтан адамдарға тегін билет таратып, оған апаруды да ұйымдастырған. Салдарынан стадионға кіреберісте ығы-жығы халық бір-бірін итеріп, дүрбелең туып, көп адам тапталып қалған. Куәгерлер қайғылы оқиға қақпаны ашу кезінде болғанын айтады.  

Куәгер:

- Біз келіп стадионға кіре берейік деп едік, полицейлер мен шлагбаумды көрдік. Тәртіп сақшылары осы жерде күте тұрыңдар үзіліс кезінде кіргіземіз деді. Бірақ мен өзге жақтан кіру үшін шығып кеткен соң біреулердің қақпаны ашуға тырысып, артынан адамдардың құлап жатқанын көрдім.