Қытай Орталық Азия елдеріне 50 млн доза вакцина жеткізеді

Қытай Орталық Азия елдеріне гуманитарлық көмек ретінде коронавирусқа қарсы 50 миллион доза вакцина бөліп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ қажет болса, бұл елдерде Қытайдың дәстүрлі медициналық орталықтарын ашуға ниетті. Бұл туралы Қытай басшысы Си-Цзинпинь «Орталық Азия-Қытай халық республикасы» саммитінде мәлімдеді. Ол Орталық Азия елдерімен бірлесіп, индустрия және денсаулық одағын құруды ұсынып,туризм және мәдени қатынастарды дамыту мақсатында Орталық Азия мемлекеттерінің студенттері үшін 1200 мемлекеттік грант бөлуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ медицина, кедейлікпен күрес және ауылдық жерлерді дамыту бойынша мамандардың біліктілігін арттыруға 5 мың квота бөлетінін айтты. Боған қоса, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін алдағы үш жылда Орталық Азия елдеріне 500 миллиард АҚШ долларын қайтарымсыз көмек ретінде бермек.