415,12 450,91 7,40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Перуде 5-11 жастағы балаларды вакциналау науқаны басталды

  • 106
  • UPD: 17:41, 25.01.2022
Перуде 5-11 жастағы балаларды вакциналау науқаны басталды

Өйткені оқушылар онлайн оқудан кейін мектепке қайта оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәмелетке толмағандар Pfizer компаниясының препаратын қабылдайды. Ең алдымен вакцинаны сирек кездесетін, сондай-ақ созылмалы аурулары бар және қатерлі ісікке шалдыққан балалар балалар алады. Билік алдағы уақытта 5 пен 11 жас аралығындағы 4 миллионнан аса бүлдіршін екпе салдыруы тиіс деп жоспарлап отыр. Сондай-ақ наурызға дейін вакцинаның бустерлік дозасын қабылдаған мұғалімдердің үлесін 90 процентке жеткізуге ниетті.

– 5 жастан асқан балалардың вакцина салдыра алатыны жақсы болды. Өйткені сабақ қайта басталды. Екпе оқушыларды қорғайды.

– Үйдегілердің барлығы вакцина салдырған. Енді қызыма да осындай мүмкіндік бұйырды. Дұрыс болды. Әйтпесе ол вирус жұқтырып ала ма деп қатты алаңдайтынмын.

Ал Таиландта да 5 пен 11 жас аралығындағы балаларды вакциналауға дайындық жүріп жатыр. Науқан келесі аптада басталады. Жасы одан үлкен жеткіншектер былтыр күзден бері екпе салдырып жатыр.

 

Хабар 24 телеарнасы