Ресейде тұрғын үйде граната жарылды

Ресейдің Приморье өңіріне қарасты Арсеньеве қаласындағы тұрғын үйде граната жарылды. Бұл туралы құқық қорғау органдарына сілтеме жасай отырып ТАСС хабарлайды.

«Алдын ала болжам бойынша, тұрғын үйдегі граната жарылысынан бір адам көз жұмды. Қазіргі уақытта өзге де зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр», – делінген мәліметте.