Израильде омикрон штамы дендеп тұр

Израильде коронаиврустың омикрон штамы кең етек жайды.

Бүгінде 580 мың науқас тіркелген. Оның 2300-і ауруханада ем қабылдап жатыр. 900-ге жуық науқас ауыр халде. Бұндай көрсеткіш пандемия басталғалы тіркелмеген еді. Билік вирус әсіресе мектептерде тез тарап жатқанын айтады.

Нафтали Беннет, Израиль премьер-министрі:

– Біз «тестілеу мен білім беру» операциясын бастадық. Яғни, 18 жасқа дейінгі барлық балалар үй жағдайында жексенбі және сәрсенбі күндері аптасына екі мәрте тесттен өтеді. Тест нәтижесі теріс болғандар мектепте білім алады. Ал оң нәтиже бергендері үйде қалады. Осылайша оқушылар онлайнға көшпей мектеп қабырғасында оқитын болады.

Үкімет сатып алған 3 млн тест мектептерге тегін таратылуда. Ал ауруханалардағы жағдай тіпті қиын. Барлық жоспарланған ем шаралары кейінге қалдырылып жатыр. Мәселен медициналық мекемелердің күші толықтай ковидке қарсы бағытталды. Ақ халатты мамандардың тапшылығы тағы бар. Бүгінде  10 мыңнан астам дәрігер мен медбике карантинде отыр.

Салман Зарка, Үкіметтің Covid-19-ға қарсы күрес бойынша үйлестірушісі:

– Ауруханаларға түскен ауыртпашылық артып барады. Науқастардың саны өскенмен медицина қызметкерлерінің саны азайып барады. Аурудың бірінші толқыны кезінде де бұндай жағдай болмаған еді. Екпе алғандар ауырмайтын. Дәрігерлердіңде ауырғаны да сирек кездесетін. Ал енді Омикронмен егілгендер де ауырып жатыр.

Сарапшылардың болжамы бойынша бірнеше аптадан кейін індеттің таралуы бәсеңдеуі тиіс. Алайда ауыр халдегі дімкәс жандар әлі де тіркелетін болады деген болжам бар. Бұл уақыт Израильдің денсаулық сақтау саласы үшін қиын кезеңге айналмақ дейді мамандар.

Сергей Ауслендер

Сондай-ақ...