Грекияда қалың қар жауып, көлік қатынасы тежелді

Грекияның басым бөлігі қалың қар астында қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғаттың тосын мінезінен әуе және теміржол қатынасы тежелді. Жергілікті билік кей өңірлерде халыққа сейсенбі күні демалыс жариялады. Тек азық-түлік дүкендері, жанармай құю бекеттері мен аса маңызы бар мемлекеттік мекемелер жұмысын жалғастыра береді. Ал жолда қамалып қалған көліктердегі халықты эвакуациялау үшін әскерилер мен өрт сөндіру қызметінің мамандары жұмылдырылды.

Қазір құтқарушылар тұрғындарды сапарға шықпауға шақырады.

Сондай-ақ...