Әлемдегі ең қонақжай қалалар аталды

Рейтингтің көш басында Италияның үңгірлер қаласы саналатын Матера шаһары тұр.

Booking.com порталы 2022 жылдың ең қонақжай қалаларының тізімін жариялады. Рейтинг платформаның баспасөз хабарламасында жарияланған.

Матера – ЮНЕСКО-ның Бүкіәлемдік мұрасының қатарына енетін үңгірлер қаласы.

Екінші орынға – Словакиядағы Блед қаласы, үшінші орынға Тайдун (Тайвань) жайғасқан. Одан қалды Грекияның Нафплион, Испанияның Толедо, Бразилияның Монти-Верди, Бельгияның Брюгге, Индонезияның Нуса-Лембонган қалалары, сонымен қатар Азор аралдарындағы Понта-Делгада мен Вьетнамның Хойан қалалары енген.