425,02 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Өзбекстанда ШЫҰ саммитіне дайындық пысықталды

  • 137
  • UPD: 09:40, 27.01.2022
Өзбекстанда ШЫҰ саммитіне дайындық пысықталды

Ташкентте Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үйлестірушілер кеңесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Жиын гибридті форматта ұйымдастырылды. Кей елдердің өкілдері басқосуға бейнебайланыс форматында қатысты. Ал қазақстандық мамандар дөңгелек үстелде бас қосты. Биыл ұйымға Өзбекстан тарапы төраға. Демек, ел астанасында алдағы уақытта мемлекеттер басшыларының ауқымды саммиті өтеді. Үйлестірушілер сол маңызды шараға дайындықты пысықтады. Содан соң қол қойылатын құжаттар тізімін нақтылады. Алдағы саммитте Шанхай сегіздігінің қатары артуы тиіс. Ұйымға Иран Ислам Республикасын қабылдау жөніндегі құжаттар әзірленіп жатыр. Одан бөлек, индустриалды кооперация орталығын құру жайы күн тәртібінде. Оның жобасын үйлестірушілер мемлекеттер басшыларының назарына ұсынады. Кеңестің тек алғашқы күніндегі отырыс БАҚ өкілдерімен қатысуымен өтті. Кейінгі басқосулар жабық есік форматында жалғасты.

Хабар 24 телеарнасы