Ауғанстанда мыңдаған бала аштықтан көз жұмуы мүмкін

Ауғанстан әлемдегі ең ауыр гуманитарлық дағдарысты бастан кешіп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Мұнда бір миллионнан астам бала тойып тамақ жемейді. Жағдай бұдан әрі жалғаса берсе, олардың біразы аштан қатуы мүмкін. ЮНИСЕФ осылай деп мәлімдеп отыр. Енді ұйым осы сұмдықтың алдын алу үшін әлем қауымдастығын шұғыл шара қабылдауға шақырады. Бұған үн қосқандардың бірі – «Азия даму» банкі ауған азаматтарына көмекке 405 миллион доллар бөлмек. Бұл қаражат азық-түлік алуға, білім және медициналық қызметке жұмсалмақ.