Германияда екпе міндеттелуі мүмкін

Бундестагта мәселеге қатысты алғашқы пікірталастар өтті, деп хабарлайды Хабар 24.

Парламентте ортақ пікір жоқ депутаттардың бір бөлігі екпені 18 жастан бастап міндетті етуді қолдаса, енді бірі тек 50 жасқа толған азаматтар ғана міндетті түрде вакцина салдыру қажет дейді. Вакцинаны міндеттеуге қарсылар да бар. Депутаттар мәселені талқылауға кіріскенде коронавирусқа сенбейтіндер парламент алдына жиналып, шеру өткізге талпынды. Бірақ полиция ғимаратты қоршап заңсыз митингті өткізуге мүкіндік бермеді. Дегенмен Берлиннің өзге наразылық шаралары жүрді. 25 адам қамалды. 

Анья Диршке, Берлин полициясының баспасөз хатшысы:

– Берлинде парламент отырысы кезінде тәртіпті сақтау үшін 1 мың 600 полицей жұмылдырылды. Айта кетейін, бұл шерулер заңсыз. Сондықтан наразылық шарасына қатыспақ болғандардан үйлеріне қайтуды сұрадық. Шерушілердің бір бөлігі талабымызға құлақ асып, акцияны тоқатты. Ал наразылықты жалғастырғандарға қарсы қылмыстық іс қозғалатын болады.