Әлемде вакцинаның 10 млрд астам дозасы салынды

Әлемде коронавирусқа қарсы 10 миллиард доза вакцина жасалған. Екпені ең көп салдырған ел Қытай.

Мұндағы көрсеткіш 3 миллиардқа жуық. Ал екінші орында Үндістан тұр. Жалпы әлемде вакциналау деңгейі бойынша 6 мемлекет үздік нәтиже көрсетті.

Бұлар Біріккен Араб Әмірліктері, Мальдив аралдары, Куба, Португалия, Камбоджа және Сингапур. Мұндағы халықтың 90 проценттен астамы екпе салдырған. Тағы 18 елде көрсеткіш 80 проценттің шамасында. Бір өкініштісі, Африканың көп мемлекетінде халықты вакциналау деңгейі 10 процентке де жетпейді. Осының салдарынан әлемде иммунитет қалыптастыруға мүмкіндік болмай тұр. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жыл соңына дейін жалпы көрсеткішті 70 процентке дейін жеткізуге ниетті.

Сондай-ақ...