Колумбияда әскери базаға шабуылдан 1 адам қаза тапты

Колумбияда "Ұлттық азат ету жасағы" әскери базаларға шабуыл жасады.

Шапқыншылық салдарынан 1 сарбаз мерт болып, тағы 25-і жарақат алған. Үкімет бұл оқиғаларды есірткі қылмысымен байланыстырады. Сондықтан Колумбия билігі халықаралық қауымдастықтан, көршілес Венесуэла мен Интерполдан халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді қолға түсіріп, табыстауға көмек сұрады.

Иван Дуке, Колумбия президенті:

- "Ұлттық азат ету жасағы" таң атпай әскери базаларға шабуыл жасады. Террористер қорқау қасқырлар сияқты. Тұтқиылдан соққы берсе де олар бізді қорқыта алмайды. Біз бұл қылмыстық құрылымдардың түбіне жетеміз.