Колумбиядағы төңкерілген үй турист көп баратын жерге айналды

Колумбия астанасы Боготаның шеткері аумағында төңкерілген үй бар.

Қазір оны қызықтап келетін туристер көбейді. Үйдің едені көкте, ал  шатыры жерге қарап тұр. Үйдің жиһаздары да дәл осылай төңкеріліп тұр. Бір қарағанға елес болып та көрінуі мүмкін дейді жұрт. Үйді осы елде 22 жыл тұрып келе жатқан австриялық Фриц Шалль есімді азамат салған. Өз айтуынша, баспананы тұрғызуға 2 жылын сарп еткен.

Фриц Шалль, үй қожайыны:

- Үйді тұрғызу біраз қиынға соқты. Басында мен ваннаны үйдің төбесіне іліп орнататынымды естігенде адамдар күмәнданатын. Бірақ әйтеуір бастаған ісімді аяғына дейін жеткізгеніме қуаныштымын.