Әнші Rihanna климаттың өзгеруімен күреске 15 млн доллар бөлді

Танымал әнші Рианна да сөзден іске көшіп, климаттың өзгеруімен күреске қалтасынан қаражат берді, деп хабарлайды Хабар 24.

2020 жылы ол Лос-Анджелес мэрінің қорына тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына 2 миллион доллар аударған болатын. 2 жыл бұрын коронавируспен күреске 5 миллион доллар бөлген еді.