РФ СІМ: Ресей Украинамен соғысуды қаламайды

РФ СІМ: Ресей Украинамен соғысуды қаламайды

Мәселе Ресей Федерациясына байланысты болса, онда соғыс болмайды. Ресей сыртқы істер министрі осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Хабар 24.

Сергей Лавровтың айтуынша, Ресей өз мүддесіне өрескел озбырлық жасауға, құқықтарын бұзуға жол бермейді. Лавров АҚШ және НАТО-мен арадағы қауіпсіздікке кепілдік беру жөніндегі келіссөздердің әлі аяқталмағанын да жеткізді. Аталған мәселе бойынша Ресейдің ұсыныстары өткен жылдың соңында жарияланған еді. Ал жуырда Вашингтон мен Брюссель Мәскеудің ұсынысына жазбаша түрде ресми жауап берген болатын.

Сергей Лавров, Ресей сыртқы істер министрі:

– Президент бұл туралы бұған дейін де айтты. Егер біздің Еуропадағы өзара тиімді қауіпсіздік қағидаттары туралы келісімге келу әрекетіміз нәтиже бермесе, онда біз қарсы шара қабылдаймыз.

Ал АҚШ Украинаға қолдау көрсетуге дайын. Жағдайға байланысты АҚШ пен Украина президенттері телефон арқылы сөйлесті. Джо Байден АҚШ-тың Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынын айтты. Владимир Зеленский Ақ үй басшысына әскери көмек көрсеткені үшін алғыс айтты. Тараптар Украинаға қаржылық қолдау көрсету мүмкіндігін де талқылады.