АҚШ-тың шығыс жағалауында қалың қар жауды

Салдарынан көптеген ғимараттар электр қуатынсыз қалды. Бұл туралы CNN-ге сілтеме жасап Korrespondent.net хабарлайды.

Атлант мұхитының ортасынан Жаңа Англияға дейін 55 миллионға жуық адам қалың қар жауатыны туралы ескерту алғаны атап өтілді. Сондай-ақ Нью-Йоркте толассыз жауған қардың салдарынан жергілікті тұрғындарды саяхаттаудан бас тартуға шақырды.

Сонымен бірге қаладағы метрополитеннің жұмысында қиындықтар бар, бірақ оны жаппау туралы шешім қабылданды. Түнде Орта Атлантика мен Солтүстік-Шығыстың кей жерлерінде 5-15 сантиметр қар жауды, алдағы уақытта қар көбірек жауады деп күтілуде. Ең қалың қар Лонг-Айленд, Нью-Йорк, Род-Айленд, Массачусетс, Нью-Гэмпшир және Мэн штаттарында жауады деген болжам бар.