Ұлыбританияда 5 пен 11 жас аралығындағы балалар егіледі

Елде 5-11 жастағы балаларға екпе салу науқаны басталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Созылмалы ауруы бар балаларға Pfizer компаниясының препараты мақұлданды. Оларға 10 микрограммнан арасы 3 апта болатын екі доза салынады. Бұл ересек адамның қабылдайтын мөлшерінің үштен бір бөлігі.

Айта кетейік, соңғы кездері Біріккен корольдікте вирус жұқтырғандардың саны артып кетті. Жуырда бір күнде 72 мың адам  індет ілмегіне ілігіп, шамамен 300-ге жуық науқас көз жұмды.