Италияның президенті болып Серджо Маттарелла қайта сайланды

Италияның президенті болып Серджо Маттарелла қайта сайланды

Италияның президенті екінші мерзімге қайта сайланды. Дауыс беруге 1 мыңнан астам сайлаушы қатысты.

Қайта сайлауға 505 дауыс жеткілікті болса, алғашқы жеті жылдық мандатын аяқтаған Маттареллаға Парламенттің екі палатасының депутаттары мен өңірлердегі өкілдер арасынан 759 сайлаушы дауыс берген. Серджо Маттарелла сайлаудың сегізінші турында жеңіске жетті.