АҚШ-та 1,5 мыңға жуық әуе рейсі кейінге шегерілді

АҚШ-тың солтүстік-шығысында қалың қар жауып 1 мың 400-дей әуе рейсі кейінге шегерілді.

Бостон мен Массачусетс штаттарында қардың қалыңдығы жарты метрден асады. Атлант мұхитынан елдің солтүстігіне қарай соққан дауылға байланысты бірқатар штатта төтенше жағдай жарияланды. Кей аудандарда электр желісі істен шығып, ондаған мың тұрғын жарықсыз қалды. Тас жолдарды қар басып, көлік қатынасы қиындаған.