Испанияның шығысындағы Валенсия автономды қоғамдастығында төрт көлік соқтығысып, салдарынан бес адам көз жұмды.
ТАСС мәліметінше, тағы үш адам жарақат алған.
Оқиға жексенбі күні жергілікті уақытпен 22:20-да болған. Зардап шеккендердің жағдайы да ауыр көрінеді. Алдын ала болжам бойынша, көліктердің бірі қарсы бағытқа шығып кеткен.
