Бельгияда карантинге қарсы шеру өтті

Брюссельде шектеу шараларына қарсы шеру өтті. Акцияны ұйымдастырушылар ревакциналауды міндеттеуге қарсылық танытып жатыр.  

Өктен аптада осындай шерудің соңы тәртіпсіздіктерге ұласқан еді. Сондықтан билік бұл жолы тұрғындардың бейбіт акция ұйымдастыруына рұқсат еткен. Бірақ наразы халық үкіметтің отставка кетуін талап етіп, қол жинап жатыр. Шараны қолдаушылар қатары көбейіп келеді.Ал елде күн сайын коронавирусты жұқтырғандар саны 50 мыңнан асып жығылады.

Бернар Радо, Брюссель тұрғыны:

- Шеруге еркіндікті талап етіп шықтым. Ковид қазір бұрынғыдай қорқынышты емес. Сондықтан биліктен құқығымызды шектеуді тоқтатуды талап етіп, петицияға қол қойдым. 

Катрин, Брюссель тұрғыны:

- Үкімет отставкаға кетсе дейміз. Демократиялы елде халықтың талабына құлақ аспау шектен шығушылық. Билік вакцина алғандар мен екпе салдырмағандарды бөлуді тоқтатуы тиіс.