Канадада жүк көлік жүргізушілерінің шеруі өтіп жатыр

Канада астанасында жүк көлік жүргізушілерінің шектеулерге қарсы наразылығы жалғасуда.

Олар үкіметтен 2 апта бұрын енгізілген коронавирусқа қарсы шараларды алып тастауды сұрап отыр. Жаңа тәртіп бойынша АҚШ-қа жүк таситын жүргізушілер елге оралған соң ПТР-тест тапсырып, 14 күндік карантинде болуы тиіс. Оттавада жүргізушілерді қолдап, мыңдаған адам көшеге шықты. Салдарынан премьер-министр Джастин Трюдо шаһардағы резиденциясын тастап кетуге мәжбүр болды.

Айта кетейік, Канада елінде де соңғы апталарда вирустың таралуы қайта күшейіп, науқастар саны артқан.