Белградта ауаның ластануына қарсы шеру өтті

Белградта ауаның ластануына қарсы шеру өтті

Сербия астанасы Белградта ауаның ластануына қарсы наразылық шарасы өтті. Ереуілшілер үкіметті айыптап, шұғыл шаралар қабылдауды талап етті.

Қыста елдің бірқатар қаласын көк түтін басып кетеді. Белсенділер Сербияда нашар экологияның кесірінен Еуропадағы өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші тіркеліп отыр дейді. Ауаның тазалығын қадағалайтын «Ай-Кю-Эйр» компаниясының мәліметі бойынша Белград 2021 жылдың қазан айында Дели, Карачи мен Уханьді басып озып, әлемдегі ең лас қала деп танылған. Сербиядағы электр қуатының 60 проценті ескірген көмір станцияларында өндіріледі.

Милица Маркович, ереуілші:

- Бұл нағыз қасірет. Ниште тұратын аяғы ауыр апайым да үйінен кетуге мәжбүр болды. Сыртқа шықпаймыз, іште қамалып отырамыз. Балаларым көкжөтелге айналды.