Оңтүстік Африка Республикасы тұрғынынан коронавирустың 21 мутациясы анықталды

Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған әйелден коронавирустың бірден 21 мутациясы табылған, деп хабарлайды Хабар 24.

Былтыр қаңтарда оның тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен. Бірақ 22 жастағы тұрғын ауруханаға тек қыркүйекте ғана жатқызылыпты. Ғалымдардың түсіндіруінше, ол 9 ай бойы коронавируспен ауырған екен. Бұл уақыт аралығында иммун тапшылығы вирусын жұқтырғандар үшін қажетті антиретровирустық терапиясы үзілген. Ауруханаға түскеннен кейін осы антиретровирустық препараттарды қабылдауды қайта жалғастыру арқасында ол covid-19-дан айығып шыққан екен.

Айта кеткен жөн, Оңтүстік Африка Республикасы адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырғандар саны бойынша әлемде бірінші орында тұр. Ол 60 миллионға жуық тұрғыннның 7 жарым миллионнынан анықталған. Бұл жергілікті халықтың шамамен 13 проценті.