Ресейде жеткіншектер вакцина ала бастады

Мәскеуде жасы 12-ден асқан балаларды вакциналау науқаны басталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Жеткіншектер екі компонентті «Спутник М» препаратын қабылдай алады. Екпе салдыру тегін. Тек баланың ата-анасының не ресми қамқоршысының жазбаша рұқсаты қажет.

Айта кетейік, Ресей астанасында кейінгі уақытта вирус жұқтырған бала саны көбейген. Соның салдарынан өткен аптада Мәскеуде жектіншектерді жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу уақытша тоқтатылды.    

Сондай-ақ...