Джо Байден Катармен ынтымақтастықты күшейтуге ниетті

АҚШ президенті Джо Байден Катарға ерекше мәртебе беру арқылы Таяу Шығыстағы басты одақтас елге айналдыруды көздейді. Бұл туралы Байден Катар әмірі шейх Тамим бин Хамад әл-Танимен Ақ үйде кездесуде мәлімдеді.

Вашингтон егер Ресей Еуропаға газ тасымалдауды тоқтатса, дағдарысты Доханың көмегімен шешуге ниетті екенін атап өтті.

Айта кетейік, Катар былтыр Ауғанстанда тәліптер билік басына келгенде Кабулдан АҚШ пен жергілікті тұрғындарды эвакуациялауға қолдау көрсеткен басты мемлекет болған еді. Бұл елде АҚШ-тың әскери базасы да орналасқан.

Тамим Бин Хамад Әл-Тани, Катар әмірі:

– Біз былтыр Ауғанстандағы дағдарыс кезінде бірлесіп әрекет ете алатынымызды көрсеттік. Бұл елден мыңдаған адамды аман-есен эвакуациялағанымызды мақтанышпен айта аламыз. Біз аймақта бейбітшілік орнату үшін бірлесіп әрекет етуге дайынбыз.