Еуроодақ Ресеймен диалогқа басымдық беріліп отыр

Еуроодақ Украина төңірегіндегі мәселе ушыққан жағдайда қолданылатын санкцияларды әзірлеп жатқанына қарамастан Мәскеумен диалогты жалғастыруға күш салып жатыр. Бұл туралы Одақтың Сыртқы саясат қызметінің ресми өкілі Петер Стано мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Еуроодақ Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель бұған дейін Ресейге қарсы жаңа санкциялар әзірленіп жатқанын мәлімдеген. Оның айтуынша, шектеулер Мәскеудің стратегиялық жоспарларын жүзеге асыру үшін қажетті тауарлардан айырады.

Петер Стано, Еуропалық сыртқы байланыстар қызметінің ресми өкілі:

– Еуроодақ қазір мәселені Ресеймен диалог арқылы шешуге күш салып жатыр. Егер дипломатия нәтижеге қол жеткізе алмаса, бұл елге санкциялар саламыз. Шектеулердің ауқымы Ресейдің әрекетіне байланысты болмақ.