Грузия «жасыл төлқұжаттан» бас тартты

Енді театр, кинотеатр, мейрамхана және фитнес орталықтары секілді қоғамдық орындарға QR-кодсыз кіруге болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Толық вакциналанған немесе коронавирустан жазылып шыққандарға берілетін «жасыл төлқұжаттар» осыдан екі ай бұрын енгізілген болатын. Дегенмен коронавирусты тіркейтін барлық жүйелер күшінде қалады. Елде 1 миллион 200 мыңнан аса адам толығымен вакциналанған. Бұл жалпы халық санының 40 процентінен асады. 

Георгий Гибрадзе, Covid-19 дертімен күрес кеңесі жедел штабының басшысы 

– Омикрон штамының тез тарауы мен оның жеңіл өтетінін және әлемдік тәжірибені ескеріп, мекемеаралық кеңес жасыл төлқұжатты алып тастауға шешім шығарды. Алайда тіркеу жүйелердің барлығы күшінде қалады және шетелге кететін азаматтар жасыл төлқұжатты пайдалана алады.