Италияда екпе алмағандар айыппұл төлейді 

Италияда коронавирусқа қатысты шектеу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Хабар 24.

Енді мұнда ковид-төлқұжаты жоқ азаматтар тек азық-түлік сататын дүкенге, дәріхана мен зоодүкендерге ғана кіре алады. Басқа қоғамдық орындарға баруы шектелген. Одан бөлек 10-шы ақпанға дейін далада бетперде киіп жүру міндет. Би алаңдары да осы уақытқа дейін жабық болады. Сондай-ақ екпе салдырмағандарға қатысты ережелер қатаңдатылды. Енді жасы 50-ден асқан тұрғын вакцина алмаса, 100 еуро айыппұл төлейді.

Сондай-ақ...